«Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновация» (жыл сайынғы Т.Т. Тәжібаев оқулары) атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2023 жылдың 23ақпанында оффлайн және онлайн режимінде өтетін академик Т.Т. Тәжібаевтың 113 жылдығына арналған «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновация» (жыл сайынғы Т.Т. Тәжібаев оқулары) атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның мақсаты:

Т.Т. Тәжібаев идеясы контекстінде психологиялық-педагогикалық ғылымының заманауи өзекті мәселелерін талқылау және шешу жолдарын іздестіру; ғалымдар арасында байланыс орнату, қолданбалы зерттеу тәжірибелері мен ғылыми нәтижелерімен тәжірибе алмасу; ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және мүдделі тұлғалар арасында теориялық және практикалық ғылымдарды тарату.

 

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, докторанттар, жоғары оқу орындарының студенттері әлеуметтік ғылым, психология және педагогика саласындағы жетекші ғылыми зерттеушілер шақырылады.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

 

  1. Академик  Т.Т.Тәжібаевтың  психологиялық-педагогикалық      ғылымдағы тарихи мұрасы
  2. Педагогика және психология саласындағы эксперименттік зерттеулер.
  3. Білім   беру   процесіне   заманауи   психологиялық   практиканы      енгізу тәжірибесі.
  4. Қазақстанда және әлемде мамандарды дайындау.
  5. Инклюзиядағы  және   білім   беру   мекемелеріндегі   денсаулық      сақтау технологиялары.

 

ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

23 ақпан 2023 жыл,сағат 1000

 

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Өрістер

Барлық өрістер – 2 см

Негізгі шрифт

Times New Roman

Негізгі мәтіннің қаріп

өлшемі

12

Жоларалық интервал

біркелкі

Мәтінді туралау

ені бойынша

Азат жол (қызыл жол)

1 см

 

 

Әдебиеттер тізімінің болуы міндетті

дерек көздеріне сілтеме тік жақшада ескерту тәртібімен беріледі [1, б.10], МЕМСТ Р 7.0.5-2008.

*1.Тажибаев Т.Т. Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева – Алма-Ата.: Казгосиздат, 1957. – 80 с.

2.Adilova, E., Aimaganbetova, O., Kassymova, L., ...Ryskulova, M., Sagnayeva, T.Value orientations of modern Kazakhstanis // Open Psychology Journal, 2021,

14(1), pp. 150–162

Көлемі

3 беттен кем – 5 беттен көп емес

Бет саны

қойылмайды

Рәсімдеу үлгісі

Тақырып, авторлар, ұйым атауы, аннотация (3 тілде – қазақ, орыс, ағылшын), кілттік сөздер (3 тілде), кіріспе, негізгі бөлім,

қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  • Конференция басталғанға дейін мақалалардың электронды жинағы дайындалады.
  • Конференция материалдарын жариялау үшін мақаланы, қатысуға өтінімді 2023 жылдың 3 ақпанына дейін жіберу керек.
  • Тіркеу жарнасы – 3000 теңге (мақалаға тіркеу жарнасының төленгені туралы түбіртектің сканерленген көшірмесі қоса берілуі керек)
  • Плагиатқа қарсы жүйедегі мақалалардың бірегейлігі 60% (мақалаға тіркеңіз)
  • Т.Т.Тәжібаевтың конференциясына оффлайн немесе онлайн қатысуды белгілеңіз.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша ұйымдастыру алқасы мүшелеріне байланысуларыңызды сұраймыз.

Адилова Эльнура Темирхановна +7 747 631 8311 (ұйымдастыру жарнасын төлеу, каспий голд телефон номер бойынша, Т. Тәжібаев конференциясын көрсету) Баймолдина Лаура Оразбековна+7 702 320 5691 (мақалалар жинағы)

Cадвакасова Зухра Маратовна +7 701 4748898 (ұйымдастыру мәселелері)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Философия және саясаттану факультеті. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының

Мекен-жайы: Алматы қ., Масанчи көшесі 39/47, ауд.415. +7 (727) 377-33- 33 (ішкі байланыс: 17-53)

 

каз Ақпараттық хат Тажибаев.pdf

Басылым күні :  09.01.2023