Қазақстандық әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасов

2022 жылғы 8 желтоқсанда сағат 13.00-де жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры О.Х. Аймағанбетова және кафедра доценті - З.М. Садвакасова Психология мамандығының 4-курс студенттерімен бірлесіп «Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Тәрбие шарасының мақсаты – француз күресінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ балуанының өмірбаянымен таныстыру.

Қажымұқан Мұңайтпасов – 1908, 1909, 1911, 1913 және 1914 жылдары классикалық күрестен кәсіпқойлар арасында өткен әлем чемпионаттарында бірнеше рет жеңіске жеткен атақты қазақ балуаны. Ол француз күресінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған алғашқы қазақ; классикалық күрестен ауыр салмақтар арасында әлемдік, ресейлік, аймақтық, кейін жалпыодақтық чемпионаттарда бірнеше мәрте жеңіске жеткен. Қажымұқан елуге жуық наградалар мен түрлі сынамалардың иегері.

 

 

 

Басылым күні :  06.01.2023