Халықаралық қысқы психологиялық мектеп - 2023

2023 жылдың 4-6 қаңтарында Халықаралық қысқы психологиялық мектеп - 2023 өз жұмысын бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қысқы психологиялық мектептерді өткізу игі дәстүрге айналды, оны Психологиялық инновациялар мен технологиялар орталығы (психол.ғ.д., доцент Ф.С.Ташимова), университеттің философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы ұйымдастырды.

2023 жылы психологиялық мектептің тақырыбы «ИНТЕГРАТИВТІ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ».

Қысқы мектептің ашылуына ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы - филос.ғ.к., доцент Б.Б. Мейірбаев, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі - пед.ғ.д. А.Қ.Мынбаева, Мәскеу облыстық университетінің профессоры, психол.ғ.д. Т.Н. Шульга (Ресей), Мәскеу қалалық университетінің профессоры, психол.ғ.д. Р.И. Суннатова (Ресей), психология магистрі А.С. Туракулова (Өзбекстан); психологтар-практиктер – экзистенциалдық психология жөніндегі мамандандырылған терапевт, «Жанұям» орталығының директоры, психол.ғ.к., асс.проф. Ж.А. Биржанова, жетекші маман, «Алматы қаласының Құтқару қызметі ШЖҚ МКК» психологы Б.Ж. Амирова; ғылым жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары доцент З.М. Садвакасова қатысты.

Тренингтер ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында оффлайн және онлайн форматта өтуде, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, сонымен қатар Өзбекстан студенттері мен магистранттары, докторанттары қатысуда.

 

 

 

Басылым күні :  05.01.2023