КОРПОРАТИВТІ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЭГОИЗМ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және Саясаттану факультеті және Жалпы және қолданбалы психология кафедрасымен бірлесіп, факультеттің 1 курс магистранттары және Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 1-2 курс магистранттары халықаралық және университет аралық деңгейде   ашық семинар сабағын өткізді.

Семинар сабағы магистратура оқу бағдарламасында оқытылатын «Басқару психологиясы» пәні негізінде «Корпоративті мәдениеттің психологиялық аспектілері және эгоизм психологиясы» атты семинар тақырыбымен өткізілді.

Ашық сабақ ұйымдастырушы «Басқару психологиясы» пәнінің оқытушысы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы С.Қ. Бердібаева.

«Корпоративті мәдениеттің психологиялық аспектілері және эгоизм психологиясы» атты ашық семинар оф-флайн және он-лайн форматта өткізілді.

Халықаралық және университеттер аралық деңгейде ұйымдастырылған семинар сабағына шетелдіктермен қатар Қазақстандық ғалымдар қатысты, атап айтқанда, Германиядан «Reinhardshöhe» Оңалту клиникасының клиникалық психологы, Phd докторы   Гарбер Алена, Индонезия елінен Марзоэки Махди атындағы психиатриялық ауруханасының психиатры Prasetiyawan Dayat, Ресейдің Самара Мемлекеттік Әлеуметтік-Педогогикалық университетінің доценті, психология ғылымдарыынң кандидаты Иванов Д. В. және Қырғызстанның Жүсіп Баласағұн атындағы Ұлттық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы, психология ғылымдарыынң кандидаты Камчыбекуулу Мырзабек.

Сонымен қатар, Т. Жүргенов Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының   докторы, профессор   Амирбеков Ш. А., осы Академияның «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, доцент Алимжанова А., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты  Аяганова А., Е.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетің доценті, психология ғылымдарыынң кандидаты Байжуманова Б.Ш., Алихан Бөкейхан университетінің аға оқытушысы Абдуллина Г. К., М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік Университетінің оқытушылары Phd докторы Сахиева Ф., Дуанева С. қатысып өз ойларымен бөлісті.

Семинарда басқару жүйесінің психологиялық аспектісін құрайтын корпоративті мәдениет пен эгоизм психологиясы жайлы екі жоғарғы оқу орнының магистранттары өздерінің авторлық жобаларын сәтті қорғады.    

Сонымен бірге авторлық зерттеу бағдарламалары, өздері түсіріп дайындаған әлеуметтік-психологиялық видеолары, интервьюлер ұсынылды.

Магистранттардың интеллектуалды диалогтары, қорғаған авторлық жоба-презентациялары өте тартымды, қызықты болды, әрі үлкен танымдық-ақпараттық мазмұнды қамтыды.

Т. Жүргенов атындағы «Қазақ ұлттық өнер академиясы» магистранттарының шағын концерттік бағдарламасымен аякталды.

Мақала авторлары: Философия және саясаттану факультетінің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының 1-курс магистранты Орынбек Әсем, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының 1-курс магистранты Шантемисов Ермек, «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының 1-курс магистранты Қуандыкова Іңкәр

 

 

Басылым күні :  07.12.2022