Профессор Қ.Б. Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған «Психология мен педагогиканың өзекті мәселелері» атты Жарықбай оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық отырысы

2022 жылғы 18 қарашада профессор Қ.Б. Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған «Психология мен педагогиканың өзекті мәселелері» атты Жарықбай оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық отырысы өтті. Секциялық отырысқа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен магистранттары, Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ-дан және ҚазҰҚПУ-дан біліктілікті арттыру институтының курстарының тыңдаушылары қатысты.

Секциялық отырысты педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент З.М. Садвакасова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.К. Мынбаева өткізді.

Сөз сөйлеушілер ғылыми зерттеулер, оның ішінде ҒЗЖ, ЖОО-дағы тәрбие жұмыстары, университеттердің ғылыми мектептерінің зерттеу ортасының дамуына әсері, ғалымдар – Т.Тәжібаев, Қ.Б. Жарықбаевтың университеттің дамуына, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық дамуына ықпалымен бөлісті.

 

 

Басылым күні :  26.11.2022