Профессор Қ.Б. Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған «Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» (I Жарықбаев оқулары) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 17 қарашасында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, профессор Қ.Б. Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған «Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» (I Жарықбаев оқулары) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев (1927-2021) – қазақтың көрнекті психологы және педагогы, психология мен педагогика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әбу Насыр Әл-Фараби күміс медалінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 1000-нан астам ғылыми еңбектердің авторы, қазақ ғалымдарының, психологтарының және педагог-практиктерінің бір буыннан астамын тәрбиелеген ғалым.

Құбығұл Бозайұлы Қазақстандағы этнопсихология мен этнопедагогиканың, психология тарихының негізін салушы, ол қазақстандық психологиялық мектептің қалыптасуы мен дамуына, сонымен қатар, университеттік білім беру шеңберінде қазақ тіліндегі психолог мамандарды даярлауға зор үлес қосты.

Конференцияға 100-ден астам адам, яғни, Қазақстан, Ресей, Германия, Нидерланды, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің ғалымдары мен практиктері, сонымен бірге, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысады. Конференция барысында қатысушылар Қ.Б. Жарықбаевтың идеялары негізінде қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелерін талқылап, ғылыми-зерттеу тәжірибесімен, психологиялық және педагогикалық зерттеулердің ғылыми және қолданбалы нәтижелерімен алмасады.

Қ.Б. Жарықбаевтың шәкірттері мен әріптестері ол туралы естеліктерімен бөлісіп, тамаша Дос, Ұстаз және Ғалымның шығармашылық және кәсіби жолы туралы әңгімелейді.

«Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» (I Жарықбаев оқулары) тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдарын басып шығару жоспарлануда.

Барлықтарыңызды халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз!

Конференция аралас форматта (офлайн және онлайн) өтеді.

Өтетін орны:

Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби атындағы кітапхана, №409 мәжіліс залы, Әл-Фараби даңғылы 71/27 (Тимирязев жағынан).

 

Онлайн қатысу үшін сілтеме:  

Zoom конференцияға қосылу

https://us02web.zoom.us/j/88459576559?pwd=UTFMaEFkNEtmSUI3UGdaRTZBS1g0QT09

Конференция ID: 884 5957 6559 

Қол жеткізу коды: 871704 

 

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

 

Қосымша ақпарат алу үшін БАҚ өкілдері келесі нөмірлерге хабарласуына болады, Адилова Эльнур Темиркановна +7 747 631 83 11, Садвакасова Зухра Маратовна +7 701 474 88 98, Баймолдина Лаура Оразбековна +7 702 320 5691

 

ПРОГРАММА КОНФЕРЕНЦИИ ЖАРИКБАЕВ К.Б..pdf

Басылым күні :  16.11.2022