Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейірбаевтың «Денсаулық жолындағы серіктестер» ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі

2022 жылғы 17 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейірбаев «Денсаулық жолындағы әріптестер» ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Ықтимал жемісті ынтымақтастықты талқылауға Қазақстандағы «Денсаулық жолындағы серіктестер» өкілдігінің директоры Е.Альгожин, «Many Voices Collaborative» жобасының психолог маманы С. Сандыбаев және «Many Voices» жобасының үйлестірушісі С. Қожабеков, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.Қ.Мынбаева қатысты. Бірінші курс студенттерінің психикалық денсаулығын сақтау жобасы бойынша ынтымақтастық бағыттары белгіленді. Ынтымақтастық бастамасын «Денсаулық жолындағы серіктестер» ҮЕҰ және психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты С.К. Кудайбергенова ұсынды.

 

Басылым күні :  18.10.2022