Профессор Қ.Б. Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған (Жарықбаев оқулары) «Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ 

 

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 2022 жылдың 17 қарашасында оффлайн және онлайн режимде өтетін профессор Қ.Б. Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған (Жарықбаев оқулары) «Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның мақсаты:

К.Б. Жарықбаевтың идеялары контекстінде қазіргі психологиялық- педагогикалық ғылымдарының өзекті мәселелерін талқылау және шешу жолдарын іздеу;

Ғылыми және қолданбалы нәтижелермен және зерттеу тәжірибесімен алмасу;

Ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және мүдделі тұлғалар арасында ғылыми теориялық және практикалық білімдерді тарату.

Конференцияға қатысуға психология және педагогика, әлеуметтік ғылымдар саласындағы жетекші ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, докторанттар, ЖОО студенттері шақырылады.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

  1.  Қ.Б.   Жарықбаев   идеялары  контекстіндегі   қазіргі   психологиялық- педагогикалық ойлар.
  2. Қазақстандағы және әлемдегі психология тарихының дамуы.
  3.  Қолданбалы психологиялық және педагогикалық, этнопсихологиялық зерттеулер.
  4.  Гуманитарлық    және    ғылыми-жаратылыстану    білімінің    өзекті мәселелері.

 

 

ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

Алматы, Әл-Фараби атындығы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы    17 қараша 2022 жыл,  сағат 10:00 

 

 

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 

Өрістер

Барлық өрістер – 2 см

Негізгі шрифт

Times New Roman

Негізгі мәтіннің қаріп өлшемі

12

Жоларалық интервал

біркелкі

Мәтінді туралау

ені бойынша

Азат жол (қызыл жол)

1,25 см

 

Әдебиеттер тізімінің болуы міндетті

дерек көздеріне сілтеме тік жақшада ескерту тәртібімен беріледі [1, б.10], МЕМСТ Р 7.0.5-2008.

* Жарықбаев Қ.Б., Ахметова М.К. Казахская психологическая мысль. Основные этапы ее развития: Монография. Том второй.

– Алматы: Нур-Принт, 2016. -313 с.

Көлемі

3 беттен кем – 5 беттен көп емес

Бет саны

қойылмайды

Рәсімдеу үлгісі

Тақырып, Авторлар, Ұйым атауы, Аннотация. Кіріспе, Негізгі бөлім, Қорытынды,

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  • Конференция басталғанға дейін материалдардың электронды жинағы дайындалады.
  • Конференция материалдарын жариялау үшін мақаланы 2022 жылдың 3 қарашасына дейін және қатысуға өтінімді koipp-konf@yandex.kz жіберу керек.
  • Тіркеу жарнасы – 3000 теңге (мақалаға тіркеу жарнасының төленгені туралы түбіртектің сканерленген көшірмесі қоса берілуі керек)
  • Плагиатқа қарсы жүйедегі мақалалардың бірегейлігі 60% (мақалаға тіркеңіз)
  • Оффлайн немесе онлайн қатысуды белгілеңіз.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

 

Адилова Эльнура Темиркановна +7 747 631 83 11

Cадвакасова Зухра Маратовна +7 701 474 88 98

Баймолдина Лаура Оразбековна +7 702 320 5691

 

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының мекен-жайы: Алматы қ., Масаншы көш. 39/47, ауд.415. +7 (727) 377-33-33 (вн.17-53)

 

каз Ақпараттық хат Жарықбаев Қ.Б. 17.11.2022.pdf

Басылым күні :  13.10.2022