Профессор С.М. Жақыповқа арналған «Психология ғылымы және практикада бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

2022 жылдың 29 cәуірінде әл-Фраби атындағы ҚазҰУ-де профессор С.М. Жақыповқа арналған «ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция Zoom платформасында өтті.

Жақыпов Сатыбалды Мұқатайұлы – көрнекті қазақтың, Қазақстанның психологы, психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасы ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 500-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, ол психология-педагогика ғылымдары саласында қазақстандық ғалымдардың тұтас ұрпағын тәрбиеледі.

Конференцияға 100-ден астам адам қатысты. Бұл Қазақстан, Ресей, Франция, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің ғалымдары, психологтары, оқытушылары, студенттері мен магистранттары. Конференция барысында қазіргі психология ғылымының өзекті мәселелері, С.М. Жақыповтың идеялары, зерттеу тәжірибесімен, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің ғылыми және қолданбалы нәтижелерімен алмасу өтті.

С.М. Жақыповтың студенттері мен әріптестері ол туралы естеліктерімен бөлісті, керемет Дос, Ұстаз және Ғалымның шығармашылық және кәсіби жолы туралы баяндады.

Профессор С.М. Жақыповқа арналған «ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы материалдарының жинағын жариялау жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

Сборник 2022 Жакыпов.pdf

Басылым күні :  05.05.2022