«ЗАМАНАУИ ӘЙЕЛ: БІЛІМ, КӘСІП, МАНСАП» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2022 жылдың 03 наурызында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Заманауи әйел: білім, кәсіп, мансап» атты дөңгелек үстел өтеді.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты – әйел адамдардың білім алуға, оқытуға, жұмысқа орналасуға және шешімдер қабылдауға толық және тең қатысуына жәрдемдесу мақсатында гендерлік зерттеулермен айналысатын ғалымдар арасында ғылыми білім алмасу және белгілі бір дәрежеде өз жұмысында гендерлік мәселелерді шешу болып табылады, сонымен қатар, ғылыми салада әйел адамдарды ғылыми мансапты дамытуға ынталандыру және олардың мамандықтағы жетістіктерін мойындау. 

 

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер қаралады: 

  • Қазақстандық ғылым мен білімдегі әйел тұлғасы
  • Білім беру жүйесіндегі әйел адамдардың өкілдік етуі және мансаптық өсу мәселелері
  • Гендерлік ассиметрия және ғылым мен жоғары білімнің феминизациясы
  • Қазіргі қоғамды трансформациялау жағдайында әйелдердің өзін-өзі жүзеге асыруы және кәсіби өсу мәселелері
  • Әйелдер мансабының психологиясы: жеке және этностық модустар
  • «Бұзылған баспалдақ»: Мансаптың алғашқы қадамдарындағы гендерлік кедергілер

 

Дөңгелек үстелге қатысуға ғалымдар, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, университет оқытушылары, мектеп директорлары, психолог-зерттеушілер, сондай-ақ пәнаралық зерттеулерде гендерлік мәселелермен айналысатын мамандар шақырылады.

 

ҰйымдастырушыларФилософия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Өтетін орынәл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, аль-Фараби 71, 409 аудитория

Өткізу уақыты: 03 наурыз 2022 жыл, басталуы сағат 11.00.

 

Басылым күні :  02.03.2022