"СОVID-19 пандемиясының адам психикасына әсері: психологтардың ұсыныстары"атты республикалық дөңгелек үстел есебі

2022 жылдың 1 ақпанында сағат 11.00-де (Нұр-сұлтан уақыты бойынша) "СОVID-19 пандемиясының адам психикасына әсері: психологтардың ұсыныстары"атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада С.К. Құдайбергенова және Ж. М. Алиева сөз сөйледі, олар пандемия психикалық денсаулыққа қандай негізгі қауіп төндіргенін, олардың себептері мен ықтимал салдарын, сондай-ақ СОVID-19-дың адам психикасына тікелей және жанама әсеріне қатысты заманауи зерттеулерді айтып берді. Қатысушылар үшін психикалық іс-әрекеттің жағымсыз салдарын еңсеру мақсатындағы практикалық ұсыныстар ерекше қызықты болды. Барлық қатысушылар психологияның өзекті теориялық және практикалық мәселелерін осындай форматта талқылауды жалғастыруға ниет білдірді.

Қатысушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы

 

 

 

Басылым күні :  08.02.2022