Педагогикалық практикаға арналған анықтамалық конференция

27.01.2022 жылы философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеждменті кафедрасы мен жалпы және қолданбалы психологиясы кафедрасының бірлескен магистрантар мен докторанттарға педагогикалық практикаға арналған анықтамалық конференциясы өтті. Конференция Zoom бағдарламасы бойынша өтті. Кездесуді педагогикалық тәжірибе жетекшілігіне жауапты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының психол.ғ.д., профессор Бердібаева Света Қыдырбековна және педагогика және білім беру менеждменті кафедрасы меңгерушісі педагогика.ғ.к., доцент, профессор м.а. Алгожаева Нурсулу Сейткеримовна ұйымдастырды. Конференция барысында магистранттар мен докторанттарға міндеттері түсіндіріліп, кәсіби бағыт-бағдар көрсетілді.

 

Басылым күні :  27.01.2022