«Жантану жайында» ашық тәрбие сағаты

Кездесудің мақсаты: бітіруші түлектерге мамандық таңдауға, психология мамандығын таныстыруға, ҚазҰУ-ды таныстыруға тырысу.

12-16 сәуір аралығында психология ғылымының докторы, профессор Тоқсанбаева Нұргүл Қорғаджанқызы және магистрант-практикант Салтанат Сырлыбекқызының жетекшілігімен Психология мамандығының 2-курс студенттерімен бірлесе отыра мектептерде арнайы проф-ориентациялық жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар Алматы қаласы, Талдықорған қаласы, Шымкент қаласы, Жамбыл облысы аймақтары бойынша жүргізілді. Жинақталған мәліметтер мен деректер қорытындыланып, 2021 жылдың 22 сәуірінде «Жантану жайында» атты тәрбие сағаты барысында шақырылған қонақтарға таныстырылды.

 

 

 

Басылым күні :  17.05.2021