Мектеп бітіруші түлектерге арналған АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады.  

1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ әлемдік білім беру жүйесінде өз ұстанымын әрдайым кемелдендіріп келеді. Университет жалпы даму бағыты халықаралық білім беру стандарты бойынша қабылданған жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Бүгінде университет құрамында 16 факультет, жаратылыстану саласындағы 8 ғылыми-зерттеу институты, әлеуметтік-гуманитарлық саладағы 29 орталықтар мен институттар, инженерлік және жаңа технологиялар кластері, 4 мұражай, 67 кафедра, 54 кафедра филиалы және 85 шаруашылық есептегі орталықтар мен 180 нен аса мамандық түрлері бар.

Ал «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы 1988 жылдан бастап маман даярлаудағы жетекші кафедра. Ширек ғасырдан астам уақыттан бері психология бөлімінің студенттерін кәсіби даярлау, сонымен қатар психологтардың жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі бойынша (тағылымдама, магистратура, PhD докторантура) ғылыми-зерттеушілік тұрғыда даярлықты қамтамасыз етіп келеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әлемнің жетекші университеттерінен кәсіби білім алған - 15 докторы және PhD докторлардан, 12 психология ғылымдарының кандидаттарынан   құралған.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы ҚР Жоғарғы оқу орындарының тәуелсіз рейтингісінде психолог мамандарды даярлау бойынша І орынға ие.

30 Сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы мектеп бітіруші түлектерге таныстыру мақсатында Zoom платформасында ашық есік күні өткізді. Бұл іс-шараға Шымкент каласы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп гимназиясының түлектері, Алматы облысы, Көкөзек ауылындағы орта мектеп түлектері, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Заречный ауылы №12 орта мектеп түлектері, Алматы облысы, Талдықорған қаласы №25 орта мектеп түлектері, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылдық округі, Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының біріруші түлектері қатысты. Іс- шара барысында оларға университет пен кафедра жайлы жалпы ақпарттар беріліп, бітіруші түлектердің түрлі сұрақтарына жауап берілді.

 

Басылым күні :  17.05.2021