«Тайм менеджментті қолданудың ерекшеліктері» атты ашық кураторлық сағат

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1 курс куратор-эдвайзері Лиясова Айгүл Амангелдіқызы және 1 курс магистранттары Беркінбай Р. Және Жасұзақова С. біріге отырып, «Тайм менеджментті қолданудың ерекшеліктері» атты тақырыпта ашық кураторлық сағат ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 29 сәуір күні сағат 18:00 өтті. Іс-шара барысында 1 курстар уақыт мәселесімен және оны қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Практикалық білімдерін толықтыра алды. Іс-шара өткізуде магистранттар жоғары деңгей көрсете білді. Студенттерге материалдар үлестірілді.

 

 

 

Басылым күні :  16.05.2021