«БІЗДІҢ ЕСІМІЗДЕ, БІЗ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!» атты ашық тәрбиелік іс-шарасы

6 мамырда Педагогикалық тәжірибе және «Айналаңды ұландыр» жобасы аясында психология ғылымдарының кандидаты, доцент Кабакова Майра Победовнаның жетекшілігімен, онлайн форматта, ZOOM платформасында, «Тұлға және ұйымдық психология» мамандығының 1 курс магистранты Толымбекова Д.Р. Жеңіс күніне арналған «БІЗДІҢ ЕСІМІЗДЕ, БІЗ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!» атты ашық тәрбиелік іс-шарасын өткізді.

Іс-шара танымдық түрде өткізілді. Барлық қатысушылар Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің тарихына үңіліп, Кеңес Одағының Батырларын, Қазақ КСР-нің (қазіргі Қазақстан) фашистік Германияны жеңудегі маңыздылығын еске алды. Интерактив өткізілді, қатысушылар сол сұрапыл соғысқа қатысқан ата-бабаларын еске алды, даңқты батырларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

 

 

 

 

Басылым күні :  11.05.2021