"5В050300 – Психология" мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың есебі 26-28 сәуір 2021 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі бекіткен «Базалық жоғары оқу орындарында пән олимпиадаларын өткізу кестесіне» және «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында базалық жоғары оқу орындарында Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдарға» және ҚазҰУ бойынша 2021 жылдың 15 сәуіріндегі №142 бұйрыққа сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "жалпы және қолданбалы психология" кафедрасының базасында 2021 жылғы 26-28 сәуірде "5В050300-Психология"мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық студенттік пәндік Олимпиада өткізілді.

 

Олимпиадаға ҚР 11 ЖОО-нан 31 студент қатысты:

  1. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивреситеті
  3. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  4. Қайнар Академиясы
  5. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  6. Тұран-Астана Университеті
  7. Орталық Қазақстан Академиясы
  8. Торайғыров Университеті
  9. Тұран Университеті
  10. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
  11. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

 

Олимпиада бағдарламасы мына сілтеме бойынша ұсынылған.

 

"5В050300-Психология" мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың нәтижелері 27 сәуірде жарияланды.

 

ЖОО

Студенттің АЖ

Балл

Орын

1

БҚИТУ

Шевер Елизавета

230,4

3

2

Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ

Стешенко Лидия

262,4

2

3

әл-Фараби атындағы ҚҰУ

Айтуғанова Ақбөбек

267,5

1

4

Қайнар Академиясы

Оңайбай Фариза

118,6

10

5

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Бақыт Айым

255,3

2

6

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Оразқұл Назерке

133,4

7

7

Торайғыров Университет

Мишелева Сачида

252,1

3

8

Тұран Университеті

Серікпай Құндыз

242,06

3

9

Университет Туран-Астана

Молдабаев Бекзат

128,19

8

10

Х. Досмұхамедов атындағы
Атырау
У

Қайырғали Айгерім

119,53

9

11

ОҚА

Жұматай Балжан

107,75

11

 

Комиссия мүшелері олимпиада қатысушылардың нәтижелерін талдап, келесі жеңімпаздарды марапаттауға ұсынды:

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің І Дәрежелі дипломымен

  1. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс студенті А. Т.Айтуғанова Команда жетекшісі: Садыкова Н.М.

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ІІ Дәрежелі дипломымен

  1. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 4 курс студенті Л.С. Стешенко. Команда жетекшісі: Алимбаева Р. Т.
  2. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті Бақыт А. Б. Команда жетекшісі: Нурадинов А. С

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ІІІ Дәрежелі дипломымен

  1. "Торайғыров университеті" КеАҚ 3 курс студенті Мишелева С. С. Команда жетекшісі: Попандопуло А.С.
  2. Тұран Университетінің 3 курс студенті Серікпай Қ.М. Команда жетекшісі: Алдабергенов Н.А.
  3. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 3 курс студенті Шевер Е.И. Команда жетекшісі: Султаниязова Н.Ж.

 

Олимпиада аясында "Кешірім психологиясы" онлайн-психологиялық шеберханасы өткізілді (докторант Султаниязова Ш., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).

 

 

 

Басылым күні :  03.05.2021