Қалалық сенбілік

«Green Campus» жобасы аясында 2017 жылдың 15 сәуірде  механика математика факультетінің информатика  кафедрасының «ЕТжБҚ» мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен  сенбілік өткізіліп, факультет  айналасына раушан гүлдер егілді. Іс-шараның мақсаты: студенттерге қоршаған ортаны қорғау, еңбектін маңыздығын, салауатты өмір салтын дәріптеу.  Ұйымдастырылған іс-шараға студенттер ұйымшылдық көрсете отырып, белсене қатысты. Факультеттің территориясын қоқыстан, түскен жапырақтардан, сынған бұтақтардан  тазалады және әдемі раушан гүлдері отырғызылды, қоқыстарды арнайы орынға шығарды.

Басылым күні :  29.06.2017