Механика-математика факультетінің іскерлік әріптестерімен экскурсия–семинар

13 қыркүйек күні “Enhanced capacity of engineering educators within Kazakhstan universities to teach course content and use novel pedagogical methods to up skill graduates” халықаралық жобасы (жетекші профессор Балакаева Г.Т.) аясында семинар-экскурсия ұйымдастырылған. Бұл жиынның мақсаты елдің индустриялық-инновациялық ұстанымдарын ескере отырып, жоғарғы санатты мамандарды бірігіп даярлау мәселелрін қарастыру болып табылады.

Семинар-экскурсияға қатысушылар жобаның бизнес-әріптесі “Алматы электр станциялары” АҚ топ-менеджерлері мен жетекші мамандары, жобаның қатысушылары механико-математика факультетінің мұғалімдері мен қызметкерлері.

Семинар-экскурсияның ұйымдастырушылары: механика-математика факультетінің деканның орынбасары PhD Исахов А.А., информатика кафедрасының аға оқытушысы Айдаров К.А. Семинардың бағдарламасы механико-математикалық факультеттің ғылыми-зерттеу лабораторияларына бару көзделген.

Басталуы механико-математикалық факультеттің 213 аудиториясында 13 қыркүйек сағат 10:30-да.

Келемін деушілерге есік ашық.

Басылым күні :  08.09.2016