Тәуелсіздік күніне арналып «Желтоқсан – жаңа тарих желкені» атты шығармашылық кездесу кеші
|
2014 ж. 2-желтоқсан күні механика-математика факультетінің Қызыл залында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік күніне арналып «Желтоқсан – жаңа тарих желкені» атты шығармашылық кездесу кеші өтті. Жүздесудің басты кейіпкері – Желтоқсан оқиғасына қатысушы, журналистика факультетінің түлегі, ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты; ҚР Жазушылар одағының Шақшақ Жәнібекке арналған жыр мүшайрасының жеңімпазы, республикалық жыраулар байқауының, Бішкек қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, «Жаралы желтоқсан» және т.б. жыр жинақтарының авторы – Аманғазы Кәріпжанәулеті. Жас таланттар өнер көрсетті. Ұйымдастырушы – Ақпараттық жүйелер кафедрасы. |
Басылым күні : 04.03.2015