Ұлыбритания мен АҚШ-тағы ең танымал спорт
16 сәуір 2021 жылы шетел тілдері кафедрасы филология және әлем тілдері факультетінің аға оқытушылары Алиярова Л.М., Халенова А.Р. «English through culture» клубы аясында «Ұлыбритания мен АҚШ-тағы ең танымал спорт» тақырыбында онлайн-іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты -Ұлыбритания мен Англияның ең танымал спорт түрлерімен таныстыру арқылы студенттердің тілдік дағдыларын дамыту болды. Студенттер үшін олардың тарихы және әлемдік қауымдастық арасында таралуы туралы, сондай-ақ осы ойындардың сипаттамалары мен ережелері туралы ақпарат алмасу қызықты болды.
Басылым күні : 22.04.2021