Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған іс-шара

Аға оқытушы Н.Т. Какишева Ақпараттық технологиялар факультетінің "Актуарлық математика" мамандығының 2 курс студенттерімен бірлесіп қоғам қайраткері, педагог Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай 2021 жылдың 17 ақпанында іс-шара өткізді.

   Қоғамдық қозғалыс пен "Алаш" партиясын құрудың бастауында Әлихан Бөкейханов тұрды. "Алаш" партиясы (1917-1920) – кадет партиясына идеология бойынша қосылған қазақ партиясы. 1000 күнге созылды, партия Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов тағайындалды. Партияның ресми органы "Қазақ" газеті болды.

   2018 жылы "Алаш" партиясының белгілі қоғам қайраткерлеріне арналған "Тар заман" тарихи драмасы жарық көрді (А.Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Шоқай, М. Дулатов және т. б.). Фильмнің режиссері-Мұрат Бидесов.

   Студенттер ғалымның өмірбаяны, өмір жолы туралы айтып, бейнефильм көрсетті және алған әсерлерімен бөлісті.

https://youtu.be/WfiLw_OysQY

   Ұйымдастырушы: Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.         Н. Т. Какишева.

 

Басылым күні :  22.02.2021