Тәуелсіздік рухы

15 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Атабаева Г.К. философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану, педагогика және психология мамандығының 1 курс студенттерімен «Тәуелсіздік рухы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстанның бүгінгі әлемдік аренадағы ұстанымын қарастыру, Қазақстан халықтарының көп ұлттығын талқылау, тәуелсіздіктің тарихи маңыздылығын көрсету. Іс-шара барысында студенттер презентация жасады, бұл үшін арнайы дайындалған бейнероликтерді көрсетті. «Тәуелсіздік рухы» деректі фильмі қаралды, мерекенің маңыздылығын анықтаумен іс-шара қорытындыланды.

Басылым күні :  20.12.2020