Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый

16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, шетел тілдері кафедрасының доценті Айсұлтанова Қ.А. және аға оқытушысы Атабаева Г.К. «Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый» тақырыбында тарихи археологиялық және этнологиялық факультетінің «7M01601 - Тарих» мамандығының 1 курс магистранттарымен тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында магистранттар Желтоқсан оқиғасының еркіндік үшін күрестің жалғасы екендігін талдады. Осы уақытқа дейін қазақ жерінде болған ұлт-азаттық күрес тарихын баяндады. Желтоқсан оқиғасына арналған видеоролик тамашалады. Сонымен бірге магистранттар оқиғаға қатысушылардың естелік әңгімелерін оқыды. Магистрант Айгерім С. тәуелсіздік жайлы өлең жолдарын оқыды. Сонымен қатар, тәрбие сағат соңында осы оқиғаға байланысты зерттеулер жүргізген Мұхтар Шахановтың ақпараттарымен таныстық.

Басылым күні :  20.12.2020