«Біздің сүйікті ән және әуендеріміз»

2020 жылдың қарашаның 11 кезекті отырыс өтті. ZOOM онлайн-платформасында ағылшын ән әуесқойлар клуб мүшелерінің кезекті отырысында жоспар бойынша өтті. Іс-шараны клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары - Г.А.Оразаева,Г.А.Мусанова, ұйымдастыруыбойынша.. Іс-шараның тақырыбы: «Біздің сүйікті ән және әуендеріміз». Клубтың қатысушылары заң факультетінің «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарында оқитын 1 курс студенттері.

Клуб отырысы аясында қатысушылардың іс-шара тақырыбы бойынша презентациялары көрсетілді. Олар Селена Гомес, америкалық әнші және актрисаның өмірбаяны, шығармашылық жолы туралы слайдтар көрсетіп әнгімелеп берді. Студенттер Селена Гоместің “Kill’em with kindness” әні туралы сөйледі. Олар әннің мазмұнын талқылады, әннің мәтініне грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Ән адамдарды жамандыққа жамандыкпен жауап бермей, жақсылықпен ауап беруге үйрететінін айтты. Адамдар бір біріне қолдау көрсетуін керек екенін, жан ашыр болуы тұралы сөз қозғады. Бұл тақырып тікелей біздің ҚазҰУ жобасымен байланысы бар екенін айта кетті. Ол “Айналаңды нұрландыр” жобасы еді. Студенттер осы жобаны қалай түсінетіні туралы бөлісті. Әр жақсы іс адамның өзінен басталатының растады.

Басылым күні :  12.11.2020