VII Бағысбаев оқулары

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2015 жылдың 28 сәуірінде өтетін VII Бағысбаев оқулары атты Халықаралық ғылыми конференциясына ат салысуға шақырамыз!

Конференция шеңберінде келесідей бағыттағы жұмыстар жоспарлануда:

  • Қазақстанның заманауи әдеби үдерісінің өзекті мәселелері;
  • Көптілділік жағдайындағы тіл мен әдебиеттің диалогы;
  • Көркем мәтіндегі әлем келбеті;
  • Көркем мәтінді талдаудың мәселелері;
  • Қазіргі русистиканың өзекті мәселелері: үрдіс пен даму;
  • Филологиялық пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар.

Конференцияның жұмыс тілі: орыс, қазақ, ағылшын тілдері.

Жұмыстың жоспарлану түрі: пленарлық отырыс (20 минуттық баяндама), секциялық отырыс (15 минуттық баяндама мен хабарлама).

Конференцияға қатысу жөніндегі өтініш пен (үлгісі қоса беріледі) оған сәйкес мәліметтер қағаз және электронды түрде 2015 жылдың 28 наурызына дейін мына мекен-жайда қабылданады:

050040 Қазақстан Республикасы

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, 3-4 кабинет.

Тел. 8(727) 3773433; 3773330 немесе 3773331 (ішкі. 1331).

Өтініш пен баяндама мәтінін мына электорндық почтаға жібере аласыздар:

e-mail: konf.filol_2012@mail.ru

Ұйымдық төлем ақы -5 мың теңге.

Көрсетілген мерзімнен кейін өткізілген баяндамалар жариялануға жіберілмейді.

Конференция материалдарын жұмыс бастамасына дейін өткізілу жоспарланған.

Конференцияға қатысушылардың жол ақысы, тұратын жері және тамақтануы – іссапарды жасаушылар жағынан төленеді.

ҚОСЫМША

Жариялануға берілетін баяндамаларды безендіру талаптары:

Қағаз форматы: А4;

Файл форматы: *rtf;

Мәтін редакторы Windows үшін MS Word ;

Көлемі 7 бетке дейін;

шрифт Times New Roman, 14 –кегль, аралық интервал – біреулік;

жоғарғы-20 мм, төменгі -20 мм, сол жақ -20 мм, оң-жақ -20 мм;

Жоғарыда – баяндаманың тақырыбы (орталықта 12 кегль, майлы шрифтпен белгіленеді), оның астында автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен мекеменің атауы, орналасқан қаласы, екі интервал тастап –баяндаманың мәтіні, бір интервал тастап –пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

жаңа жол: 1.25 см

ені бойынша тегістеу;

беттер нөмірленбейді;

сөздер тасымалданбайды, мәтін курсивпен ерекшеленеді;

мәтіндегі сілтемелер кітаптардан алынған реттік сан бойынша тік жақшалармен беріледі [1, 18]. Бірінші сан - кітаптың реттік санын, ал екіншісі – беттің реттік санын білдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында МЖБС-талаптарына сәйкес беріледі.

ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Аты-жөні.____________________________________________________

Ғылыми дәреже, ғылыми атақ___________________________________

Жұмыс орны, қызметі__________________________________________

Баяндама тақырыбы___________________________________________

Почталық адрес_______________________________________________

Байланыс телефоны___________________________________________

Электрондық адрес____________________________________________

Ескерту: жоғарыда көрсетілген мәліметтердің барлығын баяндама тақырыбының алдында, аты-жөні жазылғаннан кейін көрсетуге болады.

Конференцияны ұйымдастырушы комитет талап бойынша безендірілмеген жұмыстарды қабылдамауға құқылы.

                                                                                                       Құрметпен, ұйымдастыру комитеті 

Басылым күні :  31.03.2015