«Oscar Wilde!»

Біз, 2017 жылдың 22-ші қараша күні, сағат 11.00 – 12.00 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын 1 курс, 101, 102 топтар, (Intermediate level), қазақ бөлімі студенттерімен бірігіп университетімізде аталып өтіп жатқан «100 - Кітап» жобасының аясында «Oscar Wilde!» тақырыбына ағылшын тілінде тәрбиелік іс-шара өткіздік. Тәрбиелік іс-шараға топтағы барлық студенттер (12 студент) белсене қатысты. Тәрбиелік іс-шара барысында берілген тақырып бойынша топ студенттері аудиторияны шарлармен, тақырып атауы жазылған лозунгпен, жазушының суреттерімен безендірді. Тәрбиелік іс-шараны топ старостасы Төлеген Аяжан жүргізді, ал атақты жазушы Оскар Уайлдтың өмірбаяны бойынша топ студенттері Сағатов Арсен, Асқарбекұлы Әлишер, Даутов Ансар, Төре Даурен баяндама жасады, жазушы туралы әртүрлі қызықты мәліметтерді студент Болатұлы Бекболат оқып берді және де оның жазып қалдырған шығармаларын қысқаша түрде топ студенттері Куанжанова Куралай және Нұрғалым Малика талқылады. Сонымен қатар қалған топ студенттері жазушының ағылшын тілінде жазылған қанатты сөздерін мысалға келтіріп, олардың мән-мағынасын түсіндірді және де оларды қазақ тіліне аударды. Жүргізуші Төлеген Аяжан мен топ студенті Кахарман Алмас екеуі бірге жазушы туралы толық мәлімет беретін презентация жасап, дайындаған материалдарын топтағы басқа студенттерге айтып берді. Сонымен қатар, студенттер жазушы Оскар Уайлд туралы бір-біріне көптеген сұрақтар қойып, оларға жауап берді. Барлық студенттер тәрбиелік іс-шараға белсене қатысты.

Басылым күні :  25.11.2017