Green Campus

2017 жылдың 14-ші қазан күні, біз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын 1 курс, 103, 104, 105 топтар (Elemenatry – A1), қазақ бөлімі студенттерімен бірігіп университет көлемінде аталып өтетін «Green campus!» жобасының аясында «ҚазҰУ – жасыл және таза қалашық!» тақырыбында ағылшын тілінде тәрбиелік іс-шара өткіздік. Тәрбиелік іс-шараға топтағы барлық студенттер белсене қатысты. Іс-шара барысында тақырып бойынша студенттер аудиторияны шарлармен, тақырып атауы жазылған плакаттармен безендіріп, университетіміз туралы баяндама жасады, факультеттер туралы мәліметтер келтірді және де университетті қалай жасыл және таза етіп ұстау жолдарын талқылады. Сонымен қатар, студенттер білім туралы ғылшын тіліндегі мақал-мәтелдерді жаттап, олардың мән-мағынасын түсіндіріп, олардың қазақ тіліндеегі баламасын берді. Ағылшын тілінде сөз жұмбақ қүрастырып, оларды топтағы басқа студенттерге жасырды. Сонымен қатар, бір-біріне көптеген сұрақтар қойып, тақырып туралы өз ойларымен бөлісті.

Басылым күні :  24.10.2017