"1-курс таланттары"

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде "Қазақ филологиясы" мамандығының 1-курс студенттері ұйымдастырған "1-курс таланттары" атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеште студенттер шығармашылықтарынан өлең оқып, көріністер қойды. Тіл, туған жер туралы әсем әндер мен күмбірлеген күй де тартылды. Кештің қонақтары факультеттің аға эдвайзері Э.Бектұрова, қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі С.Ақымбек және факультеттің оқытушылары болды. 

     

Басылым күні :  13.03.2015