ф.ғ.д., профессор Бейсенбай Кенжебаевтың 110 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы 2014 жылдың 30 қазан  күні белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаевтың 110 жылдығына арналған «Б.Кенжебаев және қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің ғылыми-әдіснамалық мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Конференцияда ғалымның шығармашылығы мен ғылыми зерттеулерінің басты бағыттарына қатысты қазақ әдебиеті мен руханиятының өзекті мәселелері, оны жоғары мектепте оқытудың әдістемелік мәселелері қаралды.

Конференцияға әдебиеттанушы ғалымдар,  жоғары мектептің оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысты.

Конференция аясында университет ректоры Ғ. Мұтановтың бастауымен Б.Кенжебаев  атындағы аудитория ашылып, Республикалық басылым бойынша «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген Б.Кенжебаевқа арналған 25 басылымының тұсау кесері өтті.

     

Басылым күні :  02.03.2015