Scientia est potentia»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдер кафедрасының оқытушылары доцент З.А. Мұқанова және Ж.Ж. Күзембекованың ұйымдастыруымен 3-желтоқсан күні 314-аудиторияда "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Латын тілі" пәні бойынша "Scientia est potentia" атты факультетаралық викториналық сайыс болып өтті. Бұл шараға дінтану мамандығының 2-курс студенттері мен екі шет тілі мамандығының 1-курс студенттері қатысты. Сайыс жалпы Аламан, Тартыс, Жорға және Бәйге деп аталатын 4 кезеңнен тұрды. Әрбір кезең ерекшеленіп отырды, жалпы студенттер бұл сайыста өздерінің латын тілінен алған білімдерін саралап, топ алдында өздерін көрсету мүмкіндіктеріне ие болды. Қорытынды сөз сөйлеген, әділ қазы алқасының мүшесі С. Бектемірова әрбір топқа алғыс білдіріп, жүлде иегерлерін атап өтті. Жүлдеге ие болған топтар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс нәтижесінде өздерінің алғырлықтарымен көзге түсіп, ерекше қолдауға ие болған және де осы сайысқа Жеңіс талпынысты талап етеді деген ұранмен келген "Victoria" тобы 1-орынға ие болды.


Басылым күні :  24.12.2015