Студенттер театрға барды

23 ақпан күні «6В02305 – Қазақ филологиясы» және «6В02313 – Қолданбалы қазақ тіл білімі» мамандығының 1 курс студенттері мен кураторлары А. Жүзбаева, Б. Каспихан М. Әуезов атындағы академиялық драма театрына барды. Белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның балалық шағын суреттейтін «Ай мен Айша» қойылымын тамашалады. Студенттер қойылымнан ерекше әсер алып қайтты.

Басылым күні :  24.02.2023