"Құрылтайшы" фильмі

2022 жылғы 9 қарашада №430 аудиторияда Экономика және бизнес Жоғары мектебінің, цифрлық экономика мамандығының 1 курс студенттері "Құрылтайшы" фильмі (2016) тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Студенттер фильмнің сюжеті туралы слайдтар дайындады, басты кейіпкерлер туралы ақпарат берді, әлемдегі ең танымал McDonald's мейрамханалар желісінің қалай құрылғанын айтты.

Дөңгелек үстел қонақтары тарих факультетінің 1 курс студенттері сәтсіздікке ұшыраған сатушыдан миллиардер әрі аңызға айналған Рэй Кроктың жарқын және жұмбақ тарихын білді. Студенттер ауызша талқылау сұрақтарын, жазбаша кроссвордтарды, сондай-ақ Kahoot ойынын құрастырды.

Іс-шара "Movie Fans"клубының жоспары аясында өтті.

Ұйымдастырушылар: Шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары

З. А. Тілеуғабылова, Л. М. Махажанова, Л. М. Алиярова.

Басылым күні :  10.11.2022