Біздің заманымыздың сүйікті әндері

       2022 жылдың қараша айының 8-ші жұлдызында, сағат 14.30 - 15.30 аралығында “English Club of Song Lovers” ағылшын тілі клубының екінші отырысы болып өтті. Клуб отырысы 2022-2023 оқу жылы қараша айына арналған жоспарына сәйкес клуб мүшелерінің қатысуымен және де клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы - Г.А.Мусанованың ұйымдастыруымен өткізілді. Клуб отырысының кезекті отырысы «Біздің заманымыздың сүйікті әндері» тақырыбына арналды. Клуб қатысушылары заң факультетінде оқитын 1 курс студенттері болды.

         Клуб жетекшісі, аға оқытушы Г.А. Мусанова алдымен іс-шараға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Клуб отырысы ағылшын тілінде өтті. Клуб отырысы аясында, ең алдымен іс-шараға қатысушылардың өздерінің сүйікті әндері бойынша тақырып бойынша презентациялары мен баяндалары тыңдалды. Студенттер клуб отырысында атақты әнші Майкл Джексонның жеке өмірі, музыка саласындағы жеткен жетістіктері, әндері және танымал альбомдары туралы көптеген пайдалы ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер басқа да өздерінің сүйікті әндері туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.  

         Студенттер клуб отырысында Майкл Джексонның “We Are the World” әнін орындап, әннің мазмұнын талқылады, әнге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Клуб студенттері Куандыков Арыстан, Султанбекова, Абенов Адиль әншінің өмірбаяны мен өнер саласында жеткен жетістіктері туралы плакат жасап, көптеген қызықты мәліметтер берді. Ал студенттер Дастанұлы Уалихан және Исабаев Жанибек осы әннің граммтикасы мен лексикасына талдау жасаы. Клуб отырысы соңында, клуб мүшелері “We Are the World” әнін бірге орындады. Клуб отырысы қызықты деңгейде өтті. Студенттердің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды.

 

Басылым күні :  08.11.2022