«Егемен ел тірегі-тәуелсіздік»

 01.12.2021 жылы 17-ші ҚазҰУ қалашығының жатақханасы Филология факультетінде, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Таева Р.М, Дайрабекова Г.К. және Алимбаева А.Т «Егемен ел тірегі-тәуелсіздік» атты жастармен кездесу ашық іс-шара өтті. Іс-шара жатақхананың студент актовый залында сағат 18.00 мен 20.00 аралығында өтті. Шара Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды және студенттерге арнайы «Егемен ел тірегі-тәуелсіздік» атты презентация жұмысы көрсетілді. Іс-шараға филология факультеті және журналистика мамандығының 3 курс студенттері белсене қатысып Тәуелсіздікке байланысты өлең жолдары мен пікірлерін паш етті. Іс-шара өте жоғары дәрежеде өтті.

Басылым күні :  30.12.2021