«Тәуелсіздіктің жетістігі»

           2021 жылдың 5 қарашасында 17 Студенттер үйінде куратор-эдвайзер Сабирова Г.Б. , кесте бойынша «Тәуелсіздіктің жетістігі» атты ашық тәрбие іс-шарасын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің 30 жылдығының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы сіңірген еңбегін жеткізу. Мұндай тәрбие сағаттары жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, рухын көтеретін бірегей жоба. Шара барысында студенттерге Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктері, еліміздің саяси-әлеуметтік жағдайы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, бірлік пен татулық туралы айтылды. Айта кетерлігі, тәрбие сағаттары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Басылым күні :  15.11.2021