«Олжас Сүлейменов поэзиясының әлемі»

Университет, қала, республика көлемінде өткізілетін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға өзге елдерден келген студенттерді тарту тәрбие жұмысының басым мақсаттарының бірі болып табылады. 2021 жылғы 17 мамырда сағат 19.00-де «Олжас Сүлейменов поэзиясының әлемі» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінде оқитын Түркменстаннан келген студенттер қазақтың көрнекті ақыны және жазушысы, филолог, көрнекті қоғам қайраткері және саясаткер Олжас Омарұлы Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мультимедиялық презентацияны тамашалады, үзінділер оқыды. «Адамға табын, Жер, енді!» өлеңі және тағы да басқа өлеңдері.

          Іс-шараны ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзер С.Қойлыбаева, «6В01703 орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері.

Басылым күні :  27.05.2021