«АЗ И Я» ТАҒДЫРЫ МЕН ТАРИХИ ЖОЛЫ

Көрнекті ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай 19 мамыр күні қазақ тілі білімі кафедрасы және 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «О.Сүлейменовтің «Аз иЯ» еңбегі: тағдыры мен тарихи жолы» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты – О.Сүлейменовтің шығармашылығын, қайраткерлік келбетін тереңінен зерделеу.

Тәрбие сағаты барысында Филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранттары О.Сүлейменовтің «Аз иЯ» еңбегінің жазылу тарихы мен қоғамдық маңызы жайлы кеңінен мәлімет берді. Аталған еңбектің тіл біліміндегі, ұлт мәдениетіндегі орны айқындалды. Магистранттар еңбектің құрылымымен таныстырып, негізгі мәселелерді саралады.

Іс-шараға қатысқан оқытушы-профессорлар құрамы мен қонақтар тәрбие сағатына жоғары баға беріп, магистранттардың еңбегіне сәттілік тіледі.


Басылым күні :  26.05.2021