Тұңғыш президент күні

2020 жылдың 14 желтоқсан күні «Тұңғыш Президент күніне» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «English time» клуб отырысы өтті. Іс-шара Шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С. мен Дүйсенбаева Ш.С. ұйымдастыруымен өтті.

Кездесуге ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер Н.Ә.Назарбаевтың еңбек және саяси қызметі, спортқа деген көзқарасы және Тәуелсіздік күнін тойлау тарихы туралы ағылшын тілінде презентациямен баяндама жасады.

Қорытындылай келе, қатысушылар Тәуелсіз мемлекет қалыптастырудағы Тұңғыш Президенттің маңыздылығы мен рөлін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылдарындағы еліміздің жетістіктерін атап өтті.


Басылым күні :  14.05.2021