Планетамызды таза ұстайық

2021 жылдың 1 наурыз күні «Планетамызды таза ұстайық» тақырыбында «English time» клубының отырысы өтті. Шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С. және Дүйсенбаева Ш.С. ұйымдастырған іс-шара «Жасыл кампус» жобасы аясында өтті.

Кездесуге ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер ағылшын тілінде презентациямен баяндамалар жасады, онда олар планетамызды қорғау мен сақтаудың әр түрлі тәсілдерін, ауаның ластануы, ормандардың жойылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерінің жоғалуы, климаттың өзгеруі және ғаламдық экологиялық проблемалар туралы айтты.

Қоршаған ортаны қорғау жолдарын талқылау үшін студенттерге әртүрлі ластану жағдайлары ұсынылды, олар студенттер тұратын қалалар мен ауылдардың мысалында талқыланды. Сондай-ақ, оқу, тыңдау және талқылау үшін студенттерге «Неліктен үйде қайта өңдеу керек?» мәтіні ұсынылды және «Қоқыс», «Ластану» аудио мәтіндері.

Қорытындылай келе, қатысушылар пластик бөтелкелерді қайта өңдеу схемасымен танысты.


Басылым күні :  14.05.2021