Жасыл қалашық

2021 жылдың 12 сәуірд күні «Green Campus» жобасы аясында «Жасыл қалашық» тақырыбында «English time» клубының отырысы өтті, оны шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С. және Дүйсенбаева Ш.С. ұйымдастырды.

Кездесуге ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер «ҚазҰУ - Жасыл қалашық» жобасы; «жасыл» технологиялар орталығы; «жасыл» энергетикалық жобасы; энергия үнемдейтін жылыжай жұмысы; «Аквапоника» жасанды экожүйесі; қысқы бақ туралы баяндама мен презентация жасады және ҚазҰУ-дың «Жасыл қалашығында» тұрақтылықты ілгерілетудің 9 әдісін ашты.

Қорытындылай келе, қатысушыларға университеттерде қолданылып жатқан шетелдік университеттердің кампустарын жақсарту және тұрақты дамуға қатысуды ынталандыру бойынша бірқатар тәжірибелеріне шолу жасайтын бейнефильм көрсетілді.


Басылым күні :  14.05.2021