Тамаша өнертапқыштар мен өнертабыстар

     2021 жылдың 19 сәуір күні «Ұлы өнертапқыштар және өнертабыстар» тақырыбында «English time» клубының отырысы өтті, оны шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С. және Дүйсенбаева Ш.С. ұйымдастырды.

     Кездесуге ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер ағылшын тілінде презентациямен баяндама жасады, онда олар алдымен қазақстандық өнертапқыштар және олардың өнертабыстары туралы, содан кейін өткен ғасырдағы шетелдік өнертапқыштар туралы айтты, сонымен қатар адам өмірі үшін ең маңызды және пайдалы өнертабыстарды атап өтті.

     Студенттер осы тақырып бойынша өз пікірлерін белсенді түрде талқылады және ашық айтты.

Басылым күні :  14.05.2021