Жоба 100 кітап

2021 жылдың 5 мамыр күні «100 кітап» жобасы аясында «Менің сүйікті жазушым» тақырыбында «English time» клубының отырысы өтті, оны шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С. және Дүйсенбаева Ш.С. ұйымдастырды.

Кездесуге ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер баяндама мен презентациядарды ағылшын тілінде жасады. Онда олар өздерінің сүйікті жазушылары, сүйікті кітаптары мен жанрлары туралы әңгімеледі.

Студенттер осы тақырып бойынша өз пікірлерін белсенді түрде талқылады және ашық білдірді, оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті және кітаптың адам өміріндегі маңызды рөлін атап өтті.

Қорытындысында қатысушылар бейнеролик көрсетті.

 

Басылым күні :  14.05.2021