Экологиялық мәселелер

 

Клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Адилбаева У. Б және кафедраның аға оқытушысы Гайипова Г. А 2021 жылдың 20 наурызында ZOOM платформасында “English talking club” клубының кезектегі кездесуін ұйымдастырды. Клубтың қатысушылары инстаграмга тіркелген және барлық тіл үйренші студенттер. Тақырыбы «Environmental problems», қатысқандар саны 71.

             Клуб жетекшісі Адилбаева У. Б клуб қатысушыларына «Экология және біз»-тақырыбында, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы қысқаша шолу жасап клуб жұмысын бастап берді. Гайипова Г. А клуб жұмысының жүрісінде берілген тақырып бойынша студенттерге лексика-грамматикалық мәселелер бойынша қолдау көрсетті. Клуб отырысы аясында қатысушылар кәзіргі кездегі қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде қоғамдық іс шаралар ұйымдастырып, ластануды жоюға шара көру кәзіргі өсіп келе жатқан ұрпақтың негізгі міндеті екенін айтты.

Эклогия праблемасы тек Қазақстанда эмес ілемдік деғгейде екндігін Кыргызстан және Ауғанстан студенттері де растап өз елдеріндегі экологиялық жағдай туралы мәлімдеді.

         Клубының жетекшілері кәзіргі жастарымыздың қоршаған ортамызды сақтауға және қорғауға немқұрайды қарамағанына риза болып, рахметтерін айтып өз жұмыстарын аяқтады.

Басылым күні :  13.05.2021