Алаш ардақтысы – Әлихан Бөкейхан

2021 жылдың 29 сәуірінде ҚазҰУ филология факультетінің Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Қайрақбаева Гүлназ Солтанғазықызы Қарағанды медицина университетінің 1 курс студенттерімен  Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Алаш ардақтысы – Әлихан Бөкейхан" атты ашық тәрбие шарасын өткізді. Іс-шара мемлекетіміздің әнұранымен ашылды. Студенттер Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы айтып, "Алаш"партиясының көрнекті қайраткеріне арналған өлеңдерін оқыды.

Басылым күні :  05.05.2021