Ер есімі – ел есінде

2021 жылдың 19 сәуірі күні, Филология және әлем тілдері факультеті шет тілі кафедрасының аға-оқытушысы: Дуйсенбаева Ш.С. ұйымдастыруымен, қазақ және ағылшын тілдерінде Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған «Ер есімі – ел есінде» атты, үлкен көлемде онлайн іс-шара өтті. Онлайн іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің және Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 1 курс студенттері қатысты.

   Іс-шараның мақсаты: Отан үшін жан қиған батырларымыздың, соғыстан оралған ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Студенттер Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған «Ер есімі – ел есінде» атты онлайн түрде өткен іс-шараға белсенді түрде қатысып, Отан үшін жан қиған батырларымыздың, соғыстан оралған ардагерлеріміздің ерлігін ұғынып, өлеңдер оқу арқылы Ұлы Жеңістің тарихи маңызы тәуелсіз ел болуға мығым қадам жасаған отансүйгіштік екендігін жеткізе білді. Іс-шара студенттердің қызығып, белсенді қатысуымен, Ұлы Жеңістің тарихи маңызын, Отан үшін жан қиған батырларымыздың ерлігін ұғынуымен өз мақсатына жетті.

 

Басылым күні :  30.04.2021