“English Club of Song Lovers” ағылшын тілі Клубы жұмысының қорытынды отырысы

     2021 жылдың сәуір айының 29-шы жұлдызында, сағат 14.00-15.20 аралығында “English Club of Song Lovers” ағылшын тілі клубының соңғы қорытынды 8-ші отырысы өтті. Клуб отырысы жоспар сәйкес ZOOM платформасында онлайн режимде клуб мүшелерінің қатысуымен өтті. Іс-шараны клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары - Г.А.Мусанова, Г.А.Оразаева ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның тақырыбы: «Адамдарға жақсы жағынан өз ықпалын тиігізген әндер». Клуб қатысушылары заң факультетінде оқитын 1 курс студенттері болды.

         Клуб жетекшілері бүгінгі Клуб отырысына қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Әдеттегідей Клуб отырысы ағылшын тілінде өтті. Қорытынды клуб отырысы аясында, ең алдымен отырысқа қатысушылардың іс-шара тақырыбы бойынша презентациялары көрсетілді. Студенттер Тлектес Нұрқасым, Ерқуат Нұрдаулет, Шамшыбек Дінмухаммед клуб отырысында Селена Гоместің “Who Says” әнін туралы және студент Турсынғали Заид Эминемнің “ Mockingbird” әндері туралы көптеген қызықты мәліметтер берді. Сонымен қатар, студенттер Қанжигитова Аружан, Мухамади Ердаулет, Мақсатбек Арсен, Серікжанұлы Данияр әншілердің өмірбаяны, өнер саласында жеткен жетістіктері және хит болған альбомдары жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті.  

         Клуб мүшелері қорытынды отырыста Селена Гоместің “Who Says” әнін орындап, мазмұнын талқылады, әнге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Клуб студенттері: Ерқуат Нұрдаулет әннің мазмұны туралы әңгімелеп берді, Қанжигитова Аружан әннің шығу тарихы мен хит болу себебі туралы айтып өтті. Студент Шамшыбек Дінмұхамед осы әннің Америка жастары және де бүкіл әлемдегі жастар арасындағы суисидті болдырмауға кеңінен ықпал еткенін, жастарға жақсы көңіл-күй сыйлап, шабыт беретін ән екенін атап өтті. Ал студент Тлектес Нұрқасым осы әннің грамматикасын түсіндірді. Қорытынды Клуб отырысы соңында, клуб мүшелері көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Клуб отырысы жоғары әрі қызықты деңгейде өтті. Студенттердің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды.

 

Басылым күні :  29.04.2021