Программистер күні

Ақпараттық технологиялар факультеті, информатика кафедрасының «ВТИПО» мамандығының 1 курс 4 топ студенттерімен «Программистер күні» тақырыбына өткізілген ашық кураторлық сағаты.

Кураторлық сағатының мақсаты: Студенттерді программистер мамандығына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Программистер және бағдарламамен байланысты ғылыми ұғымдарды және жабдықтарды түсіндіру үшін осы іс шара «Көңілді программистер» деп аталып ойын - сайыс түрінде ұйымдастырылды. Ойыннын ішінде осы тақырыбпен байланысты аталған командалар өздерімен таныстыру, қара жәшіктегі жасырын сөздерді  таңдай отырып іс-қимылдар арқылы түсіндіру, сканвордтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру, т.б. ойын - сайыстар өткізілді. Қазіргі таңда бұл мамандық өте танымал әрі қажет мамандық. Ол сан алуан және қызықты. Программалау арқылы адамдарға пайдалы көптеген үлкен мәселелерді шешуге болады.


 

Өткізілген орны: 409 аудитория

Жауапты: Жумартов М.А.

Өткізілген уақыты: 28.02.2019 ж.

Басылым күні :  11.03.2019