Денсаулық кілті

Ата бабаларымыздың «Денсаулық – зор байлық, адам бақытының бастауы» - дана ой – пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта - ықылас, ерік – жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын. Салауатты өмір тіршілігі – денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан - жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.

Басылым күні :  06.03.2019