Антон Чеховтың «Сүйікті менің ағатайым» қойылымы

Орыстың жазушысы Антон Чехов театр репертуарында шығармалары ең көп сахналанатын драматургтардың бірі. Әуезов театры да Чеховтың пьесаларын сахналап, әлемдік театр үдерісіне  үлесін қосты. Асхат Маемировтың режиссурасымен қойылған «Сүйікті менің ағатайым» қойылымының премьерасы көпшілікке ұнады деп ойлаймыз. Мұнда астарлы ойды, кейіпкерлердің қарым-қатынас­та­ры мен психологиялық ішкі толғаныс­та­рын жақсы көрсете білді. Басты рөлді Аза­мат Сатыбалды ойнады. Басқа рөлдерді сомдаған актерлер де өздерінің «Сүйікті менің ағатайым» спектаклі арқылы қазақ театры Чехов әлеміне еркін бойлай алатындықтарын тағы да бір дәлелдеп, заманауи үндегі, бүгінгі режис­сурадағы ізденіс нәтижесін айқын сомдап көрсетті. Студенттер де, тамашалауға группасымен барған кураторлар да, актерлердің өнерлеріне тәнтті болып қайттық. 

Жауапты кураторлар: Тюлепбердинова Г.А., Газиз Г.Г., Адилжанова С.А., Сақыпбекова М, Тойғанбаева Н.А.


Басылым күні :  18.02.2019